«Барыс» төртінші ойында да жеңілді
Бүгін, 20 наурызда «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогының ширек финалы аясында омдық «Авангардқа» қарсы төртінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 3:1 есебімен айдын иелерінің пайдасына шешілді. Қонақтар қанша күш салғанымен дегеніне жете алмады.
Осыдан екі күн бұрын үшінші матчта 5:0 есебімен ойсырай ұтылған елордалықтар бүгін жеңіске жетіп, жалпы есепті теңестіргісі келген. Алайда нәтиже мүлде өзгеше болды. Айдын иелері бүгін де жеңіске жетті. Осылайша, серия есебі 3:1-ге жетті.
Естеріңізде болса, Астанада өткен алғашқы екі матчта «Барыс» бір жеңіп, бір жеңіліп, серия есебі 1:1 болған. Ал сырт алаңдағы екі матчта қазақстандық команда қарсыласына мүлде қарсылық таныта алмады. Сөйтіп, Гагарин кубогының жартылай финалына өту мүмкіндігін қиындатып алды.
Енді бесінші матч 22 наурыз Астанада өтеді.
ҚХЛ. Плей-офф. Ширек финал. Төртінші матч
«Авангард» (Омск) - «Барыс» (Астана) 3:1 (0:0, 1:1, 2:0)
1:0 Яремчук (Бондарев, Фисенко) 27:36
1:1 Фрэттин (Боченски, Диц) 28:40 ГБ
2:1 Чудинов (Пивцакин, Франсон) 47:22
3:1 Чудинов (Франсон, Бэк) 54:25 ГБ

Қақпашылар: Бобков - Карлссон