«Сарыарқа» төртінші ойында да жеңіп, сериядағы есепті теңестірді
Бүгін қарағандылық «Сарыарқа» Жоғарғы хоккей лигасы плей-офф кезеңінің ширек финалы аясында «Нефтяник» командасымен төртінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Татарстандық команданың алаңында өткен сериядағы алғашқы екі матч 4:2 және 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шелілген болатын.
Ал Қарағандыда өткен алғашқы ойында «Сарыарқа» жеңіске жетіп, жалпы есепті 2:1-ге өзгерткен.
Қазақстандық команда жеңісті жолын жалғай білді, бүгін де қонақтардан басым түсіп, жалпы есепті теңестірді.
«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Нефтяник» (Альметьевск) 6:5 (3:3, 2:2, 1:0)
1:0 - Борисевич (Ряшенцев) - 1:35
1:1 - Ядроец (Воеводин, Демидов) - 4:54
2:1 - Зиазов (Метальников, Ремов) - 7:17 ГБ
2:2 - Ляпустин (Ястребков) - 11:15 ГМ
2:3 - Демидов (Воеводин) - 14:07
3:3 - Махановский (Метальников, Бутузов) - 19:56 ГБ
3:4 - Ястребков (Хапов, Ляпустин) - 29:40
4:4 - Сарваров (Бутузов, Сиксна) - 32:52
4:5 - Адамчук (Сумин, Воеводин) - 36:40 ГБ
5:5 - Сарваров (Сиксна) - 39:38 ГБ
6:5 - Ломако (Соколов, Махановский) - 51:38
Қақпашылар: Рейзвих - Смирягин (Филоненко, 20:00 - 60:00)
Сериядағы есеп: «Нефтяник» - «Сарыарка» 2:2 (4:2, 3:0, 1:3, 6:5)