Бүгін «Барыс» пен «Авангард» арасында алғашқы матч өтеді

Бүгін «Барыс» пен «Авангард» арасында алғашқы матч өтеді

Бүгін, 14 наурыз «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңінің 1/4 финалы аясындағы алғашқы матчын өткізеді, деп жазады prosports.kz.

<span>Қарсыласы Омбының «Авангард» командасы. «Авангард» 1/8 финалда Қазан қаласының «Ақ Барс» командасын жеңген, енді 1/4 финалда қазақстандық нақ «Барысқа» жолығып отыр.</span>

<span>Ал «Барыс» Гагарин кубогының өткен кезеңінде Нижний Новгород қаласының «Торпедо» командасын 4:3 есебімен жеңген болатын.</span>

«Авангард» ҚХЛ тұрақты чемпионатында төртінші орын алғандықтан, бұл жұпта да сәл басымдылық «Барыс» жағында. Демек, сериядағы алғашқы екі матч және жеңімпазды анықтайтын жетінші кездесді өз алаңында қабылдайды. Бұл кезеңдегі негізгі ойындар 14, 16, 18, 20 наурыз күндері, егер қажет болған жағдайда қосымша ойындар 22, 24 және 26 наурызда өтеді.

<span>«Барыс» - «Авангард» матчы </span>Астана уақытымен 19:25-те басталады. Тікелей эфирде мына сілтеме арқылы көруге болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или