«Барыс» ширек финалға шықса, қарсыласы кім болады?

«Барыс» ширек финалға шықса, қарсыласы кім болады?

Елордалық «Барыс» Гагарин кубогының ширек финалына шықса, кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астаналық команда келесі кезеңге өтіп жатса, омдық «Аванградпен» күш сынасады. Омдық клуб 1/8 финалда Гагарин кубогының қазіргі иегері қазандық «Ақ Барсты» төрт матчта ұтқан болатын.

Ал ширек финалға «Барыс», емес нижегородскілік «Торпедо» өтсе, олар екатеринборлық «Автомобилист» командасымен кездеседі.  

Айта кетейік, «Барыс» пен «Торпедо» арасындағы серия есебі – елордалық клубтың пайдасына 3:2. Қазақстандық команда бүгін ширек финалға өтуі мүмкін.

Командалар 8 наурызда Нижний Новгородта алтыншы матчын өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или