«Барыс» қолда тұрған жеңістен айырылды

«Барыс» қолда тұрған жеңістен айырылды

ҚХЛ плэй-офф кезеңінің 1/8 финалында елордалық «Барыс» пен мәскеулік «Торпедо» арасындағы төртінші матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәскеуде өткен кездесу «Барыс» үшін сәтті басталған. Елордалық команда бірінші кезеңде 3:0 есебімен алға шықты. Ал матчтың аяқталуына бірнеше минут қалғанда «Барыс» 4:2 есебімен алда тұрған.

Өкінішке қарай, ойын соңына қарай айдын иелері екі гол соғып, таразы басын теңестіріп тастады.

Соның салдарынан командалар овертаймда ойнап, «Торпедо»жеңіс голын соға алды. Қорытынды есеп – 5:4. «Барыс» сапынан Патрис Кормье, Павел Акользин, Мэтт Фрэттин мен Кертис Волк гол соқты.

Осы матчтан кейін серия есебі теңесті - 2:2.

«Торпедо» (Нижний Новгород) - «Барыс» (Астана) – 5:4 ОТ (0:3, 2:0, 2:1, 1:0 ОТ)

0:1 Кормье (Михайлис) 07:16
0:2 Акользин (Сагадеев, Асетов) 14:10
0:3 Фрэттин (Волк, Боченски) 16:43 ГБ
1:3 Волченков (Аляев, Миле) 30:51
2:3 Варнаков (Баранцев, Галузин) 36:49 ГБ
2:4 Волк (Фрэттин, Боченски) 49:06
3:4 Жафяров (Баранцев, Варнаков) 57:32
4:4 Паршин (Хольм) 58:39
5:4 Галузин (Хольм) 95:14 ГБ

Қақпашылар: Браст – Граховина

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или