Универсиада: Қазақстан хоккейшілері Швецияны ойсырата жеңді

Универсиада: Қазақстан хоккейшілері Швецияны ойсырата жеңді

Ресейдегі Қысқы универсиада ойындары аясында шайбалы хоккейден В тобында Қазақстан құрамасы екінші кездесуін Швецияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан хоккейшілері Универсиадада сәтті ойын көрсетіп келеді. Бұдан бұрын олар Латвияны 10:1 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Бүгінгі кездесуде де айдын үстінде жақсы ойын өрнегін көрсетті. Дегенмен, бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезең бастала салысымен біздің құрама сапынан Артур Шетле мергендік танытты. Бұл ойынның 31-минуты болатын. Ал 41-минутта Валерий Гурин қарсыластар қақпасын дәл көздеді. 44-минутта Владислав Никулин қанжығасын майлады. Есеп - 3:0.

Үшінші кезеңде Швеция құрамасының қақпасына тағы екі шайба соғылды. Атап айтқанда, 44-минутта Никита Клещенко, 59-минутта Валерий Гурин қарсыластарға қақпасын екі мәрте дәл көздеді. Қазақстандықтар кездесуді 5:0 есебімен аяқтады.

Қазақстан құрамасы енді 6 наурызда Ұлыбританиямен кездессе, одан кейін 8 наурызда Швейцариямен, 10 наурызда Канадамен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или