Дамир Исмағұлов: Ем-дом алып жатырмын. Бәрі жақсы боларына сенемін
UFC-де екі жеңіске жеткен тұңғыш қазақ Дамир Исмағұлов жарақатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
- Кез келген спортшы жарақат алады. Өкінішке орай, бұл жолы жарақатсыз болмады. Қазір ем-дом алып жатырмын. Бәрі жақсы боларына сенемін, - деп жазды спортшы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Прага қаласында өткен жекпе-жекте Дамир Исмағұлов Хоэль Альваресті (15-1) төрешілердің шешімі бойынша жеңді. Кейін белгілі болғандай спортшы сынған қолымен жұдырықтасқан. Дамирді жекпе-жектен соң бірден ауруханаға алып кетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или