Гагарин Кубогы: «Барыс» алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
Астаналық клуб құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңі саналатын Гагарин кубогындағы алғашқы ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барыс» плей-офф кезеңіндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетелік, плей-офф кезеңі екі команданың бірінің төрт жеңісіне дейін жалғасады. «Барыс» пен «Торпедо» енді 28 ақпанда Астанада тағы бір мәрте шеберлік байқасады.
Одан кейінгі екі ойын 2 және 4 наурызда матчтар Нижний Новгордта жалғасады. Алғашқы төрт кездесуде жеңімпаз анықталмаған жағдайда 6 наурызда Астанада, одан кейін 8 наурызда Нижний Новгородта ойындар болады.
Алты кездесуде жеңімпаз анықталмаған жағдайда 10 наурызда соңғы шешуші ойын елорда төрінде өткізіледі.
Гагарин Кубогы. Плей-офф.
Шығыс. 1 кезең. 1 матч.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Торпедо» (Нижний Новгород, Ресей) 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)
Сериядағы есеп: 1:0
0:1 - Саболич (Жафяров) - 12:23 ГБ
1:1 - Петерссон (Михайлис) - 39:03 ГБ
2:1 - Боченски (Бойд, Волк) - 41:28 ГБ
3:1 - Фрэттин (Волк, Боченски) - 43:25
4:1 - Боченски (Волк, Фрэттин) - 56:43
Қақпашылар: Карлссон – Браст
Счет в серии: 1:0