«Барыс» – «Торпедо» кездесуінің тікелей трансляциясы
Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елордалықтардың алғашқы қарсыласы Нижний Новгород қаласының «Торпедо» командасы.
Чернышев дивизионының жеңімпазы ретінде қазақстандық команда серияны өз алаңында бастайды. Мамандар «Барысты» бұл жұптың фавориты санайды. Андрея Скабелки шәкірттері осы үмітті ақтау үшін бүгін матчтар сериясын сәтті бастауға тырысады.
«Барыс» - «Торпедо» сериясының алғашқы ойыны Астана уақытымен 19:15-де басталады. Ойынды QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или