«Барыстың» Гагарин кубогы плей-офф кезеңіндегі жарыс кестесі

«Барыстың» Гагарин кубогы плей-офф кезеңіндегі жарыс кестесі

22 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты мәресіне жетіп, Гагарин кубогы плей-офф кезеңіне шыққан командалар анықталған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Плей-офф кезеңінде елордалық «Барыс» хоккей клубы да бақ сынайды. Алғашқы қарсыласы Нижний Новгород қаласының «Торпедо» командасы.

Сериядағы бірініш және екінші матч 26 және 28 ақпан Астанада өтеді. Ал үшінші, төртінші ойындар Нижний Новгородта 2 және 4 наурыз күндері өтеді. Егер жеңімпаз анықталмаса алдымен Қазақстанда 6 наурызда, одан кейін Ресейде 8 наурызда кездеседі. Ал одан кейін қайтадан Астанада 10 наурызда матч өтеді.

Жартылай финал:

«Шығыс» конференциясы: 14, 16, 18, 20 ақпан күндері, егер қажет болған жағдайда қосымша ойындар 22, 24 және 26 наурызда өтеді.

Финал:

«Шығыс» конференциясы: 29, 31 наурыз, 2, 4 сәуір күндері, егер қажет болса қосымша ойындар 6, 8 және 10 сәуірде өтеді.

Гагарин кубогының финалы: 13, 15, 17, 19 сәуір күндері, егер қажет болған жағдайда қосымша матчтар 21, 23 және 25 сәуір күндері өтеді.

Алғашқы екі матч және қажет болған жағдайда өтетін бесінші, жетінші матчтар екі жұп арасындағы "еленген" команданың алаңында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или