«Qazsport» «China vs Kazakhstan» турнирін көрсетеді

«Qazsport» «China vs Kazakhstan» турнирін көрсетеді

Қытайдың Макао қаласында өтетін аралас жекпе-жектен «ATT 2019 CKF China vs Kazakhstan, Qazaqstan Fighter» турнирі «Qazsport» арнасы көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

23 ақпан күні өтетін турнирде қазақ және қытай спортшылары жұдырықтасады. Барлығы 10 жекпе-жек өтеді деп жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ, «Qazaqstan FIGHTER» жобасының вице-чемпионы Елжан Әлиасқар, Еркін Дәрменов, Аян Қасымұлы, Нұржан Әкішов және Сағындық Мұқанов сегізбұрышқа шығатыны белгілі.

Дүбірлі доданы «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или