«Qazsport» UFC жекпе-жектерін көрсетпейді
«Qazsport» телеарнасы UFC жекпе-жектерін көрсетуді тоқтатты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.
<span>- «Qazsport» </span>белгілі бір себептерге байланысты /телеарнаның тарапынан емес/ Ultimate Fighting Championship (UFC) жекпе-жектерін көрсетуді тоқтатады. Өкінішіке орай, екі тараптың келісімімен UFC трансляцияларын өткізу туралы келісім-шарт бұзылды. Алдағы уақытта осы мәселе өз шешімін табады деп сенеміз.
Айта кетейік, мұндай түсініксіз жайтқа тек «<span>Qazsport</span>» телеарнасы ғана емес, әлемнің басқа елдерінің арналары да тап болды.
Өткен жылдың қыркүйегінен бастап, 2019 жылдың ақпанына дейін біздің телеарнамен бірге болған жекпе-жек сүйер қауымға алғысымыз шексіз. Телеарна көрермендері түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз, - делінген арнаның хабарламасында.