ҚХЛ: «Барыс» қонақта «Амур» клубынан ұтылды
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчын «Барыс» Хабаровскіде (Ресей) жергілікті «Амурмен» өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Хабаровскте өткен кездесу 2:0 есебімен ресейлік команданың пайдасына шешлді.
Жеңімпаздар командасынан Павел Дедунов көзге түсті.
Андрей Скабелканың шәкірттері қарсыластар қақпасына бірде-бір гол енгізе алмады.
Бұл - биылғы маусымдағы осындай екінші ойын. Бұдан бұрын елордалықтар өз айдынында Уфаның «Салават Юлаев» командасына 0:3 есебімен есе жіберген болатын.
Енді «Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы соңғы бәсекесін Қытайда «Куньлунь Ред Стар» командасымен өткізеді.
Содан кейін плей-офф ойындары басталады. Астаналықтар плей-офтағы алғашқы кездесулерін 26 және 28 ақпанда елордада өткізеді.
«Амур» (Хабаровск, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 1:0 (1:0, 0:0,0:0)
Шайба:
1:0 — 13:19 Дедунов (Атюшов, Ушенин)
2:0 – 58:53 Йордан, бос қақпаға.
20 ақпан. Хабаровск. «Платинум Арена» спорт кешені. 7100 көрермен.