Қысқы

Даррен Диц қазақ паспортын алды

Даррен Диц қазақ паспортын алды
news-banner7
mobile-news-top

"Барыс" хоккей клубының қорғаушысы Даррен Диц жақында Қазақстан азаматтығын алып, Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы шайбалы хоккей федерациясының жауапты хатшысы Глеб Каратаев мәлім етті. Сондай-ақ, астаналық клубтың сапындағы өзге ұлт өкілдерінен Кевин Даллмэн, Дастин Бойд, Хенрик Карлссон және Брэндон Боченски де ел намысын қорғамақ.

- Диц Қазақстан азаматтығын алды. "Барыстың" бес ойыншысы Астанадағы әлем чемпионатына қатысады деп жоспарлануда. Қазақстан азаматтығын "Барыстың" өзге легионерлеріне беру жайында әлі ақылдаспадық, - деді функционер.

Әлем біріншілігі 25 сәуір 5 мамыр аралығында Астана қаласында өтеді. Айдын иелерінен бөлек бұл сынға Беларусь, Оңтүстік Корея, Венгрия, Литва және Словения қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер