«Барыс» – «Авангард» кездесуінің тікелей трансляциясы
Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында астаналық «Барыс» Омск қаласының «Авангард» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осы кездесумен елордалықтардың өз айдынындағы жаңа ойындар сериясы аяқталады. Әрі бұл<span> </span><span>«Барыс» үшін осы маусымда өз алаңында өтетін соңғы ойын болмақ.</span>
<span>Айта кетерлігі, бұл екі команда Чернышев дивизионында көш бастау үшін ұзақ тартысты. Бірақ, қазір қазақстандық команданың мүмкіндігі мол. Себебі, қарсыласынан екі ойыны кем болса да, төрт ұпай алда келеді. Басқаша айтқанда «Авангард» командасының «Барыстан» озуға теориялық тұрғыда ғана мүмкінді бар.</span>
<span>Ал бүгінгі матч Астана уақытымен 16:55-де басталады. Ойынды QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. </span>