Басқа

Бибісара Асаубаева елге оралатын болды

Бибісара Асаубаева елге оралатын болды
news-banner7
mobile-news-top

Осыдан екі жыл бұрын Ресей асқан дарынды шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстанға қайта оралды, деп хабарлайды prosports.kz.

Қазақстан Шахмат федерациясының баспасөз қызметі шахматшының елге оралуына қажетті құжаттар дайындалып жатқанын айтты.

«7 ақпан күні ҚШФ президентіне спортшының менеджері хабарласып, оның Қазақстан Шахмат федерациясына оралу жайындағы өтінішін жеткізді. Ресейдің Шахмат федерациясы да бұған келісімін берген. ҚШФ өз кезегінде спортшының елге оралуына қажетті құжаттар мен өтініш жіберді. Жуық арада Халықаралық шахмат федерациясы шешім қабылдайды деп үміттенеміз», - дейді ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Айта кетейік, Тараз өңірінде туып-өскен Бибісара екі жыл бұрын белгісіз себептермен Ресейдің намысын қорғауға шешім қабылдаған. Бұл істе оның анасы Лиана Таңжарықова аса белсенділік танытқан.

Алайда, солтүстіктегі көршілеріміз қаршадай қызға қонақжайлылық таныта алған жоқ. Алдымен, 2017 жылы Ресейлік бапкер Евгений Соложенкин Бибісараны алаяқ деп айыптаған болатын. Нақтырақ айтқанда, оны электронды құжаттар мен гроссмейстерлердің кеңесін тыңдады деп кінәлаған.

Қызын алып, Ресейге көшкен Лиана ханымның өкініштен өзегін өртеген тағы бір жағдай 2018 жылы орын алды. Белгісіз педофил жас шахматшыға порнографиялық суреттері бар хат жіберіп, қорқытқан болатын.

Бөтен елде жүріп осындай қысымдарға ұшыраған жасөспірім енді елге оралмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер