Басқа

Педофил Бибісара Асаубаеваға порнографиялық суреттері бар хат жолдаған

Педофил Бибісара Асаубаеваға порнографиялық суреттері бар хат жолдаған
news-banner7
mobile-news-top

Жарыстарға Ресейдің атынан шығып жүрген 14 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова қызының тағдырынан алаңдап отыр, деп жазады prosports.kz сайты chess-news.ru-ға сілтеме жасап.

Екі жыл бұрын қызын алып, Ресейге көшкен Лиана ханым бүгінде өкініштен өзегі өртенген болар. Себебі, солтүстіктегі көршілеріміз қаршадай қызға қонақжайлылық таныта алмай отыр. Алдымен, өткен жылы Ресейлік бапкер Евгений Соложенкин Бибісараны алаяқ деп айыптаған болатын. Нақтырақ айтқанда, оны электронды құжаттар мен гроссмейстерлердің кеңесін тыңдады деп кінәлаған.

Енді биыл белгісіз педофил жас шахматшыны қорқытып, хат жіберген. Оқиға Ресейде болмағанымен, жасөспірім бөтен елде жүргені үшін осындай қысымға ұшырап отырған болуы мүмкін.

Шахматшы қыздың анасы Лиана Таңжарықованың айтуынша, педофил Бибісара Асаубаеваға порнографиялық суреттері бар хат жолдаған. Оқиғаның нақты барысы мынадай:

Батумиде өткен Әлем чемпионатында Бибісара әлемнің экс-чемпионы Александр Халифманмен ойнаған еді. Бірнеше күннен кейін Бибісараның атына хат түсіп, оны шахмат клубының қызметкерлері ашқан.

- Хат мазмұны барлығын таңалдырды - онда порнографиялық журналдың парағы болды, ол суретте бір топ жігіт кішкентай қызды зорлап жатқаны бейнеленген. Хат конвертінде тағы қолданылған мүшеқап болды, - дейді ол.

Хат жіберуші ретінде Халифман есімі жазылған. Нақты мекен-жайы хатта көрсетілген. Сондай-ақ, онда Рига-Латвия мөрі басылған. Клуб қызметкерлері полиция шақыртып, олар өз кезегінде бұл деректі тіркеді.

- Бұл зорлықшының кім екенін білмеймін, бірақ есі ауысқан ұятсыз неме екен, химиялық кастрация қажет. Халифман мырзадан күдіктеніп отырған жоқпыз, кездесуден кейін оған осы жағдайды естіртіпті, ол бізден де қатты таңғалыпты, - деп әңгімеледі шахматшының анасы.

Лиана Таңжарықова хат жіберушіге қызынан аулақ жүруге кеңес берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер