ҚХЛ: «Барыс» өз айдынында «Сибирь» командасын ұтты
Елордалық «Барыс» өз айдынында Новосібірдің «Сибирь» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>Барыс» «Сибирь» командасынан 5:2 есебімен басым түсті. Осылайша қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті. </span>
<span>Астаналық клуб бұдан бұрын Астанада Финляндияның «Йокерит» клубын 8:2 есебімен жеңсе, одан кейін Уфада жергілікті «Салават Юлаевтан» овертаймда 3:2 есебімен басым түсті. </span>
<span> «Барыс» енді Астанада екі ойын өткізеді. Алдымен 14 ақпанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубымен мұз айдынға шықса, 16 ақпанда Омбының «Авангард» клубтарын қабылдайды.</span>
«Барыс» (Астана) – «Сибирь» (Новосібір) (0:0, 2:1, 3:1)
0:1 Комаров 21:01
1:1 Петухов (Сагадеев) 23:04
2:1 Шевченко (Петерссон) 25:05
3:1 Старченко (Петерссон) 46:58 ГБ (5х3)
4:1 Боченски (Петерссон) 56:09 ГБ (5х3)
4:2 Шэйн (Михайлов) 57:23
5:2 Асетов (Акользин) 59:03
Қаұпашылар: Карлссон – Тэйлор
Соққылар: 46 – 21