Қазақстан құрамасы топ жарды

Қазақстан құрамасы топ жарды

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Кореяда өткен "Мұрагерлік Кубогының" жеңімпазы атанды деп жазады Olympic.kz.

Соңғы матчта біздің құрама Латвиямен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

Кубоктық дода аясында Қазақстан Жапонияны 5:2, Кореяны 5:1 есебімен жеңген болатын. Өз кезегінде латвиялықтар Кореяны 6:2, Жапонияны 6:3 есебімен ұтқан еді.

Екі үздік команда арасындағы тартысты матч Қазақстанның жеңісімен аяқталды. Ойынның негізгі уақытында қос құрама тек түсіп, овертаймда Антон Некряч соққан шайба біздің командаға жеңіс әкелді. 

Қазақстан – Латвия 3:2 ОТ (0:0, 1:1, 1:1, 1:0)

 0:1 - Биезайс - 22:54

1:1 – Шестаков(Лихотников) - 25:07

2:1 – Клещенко(Гурин) – 41:58

2:2 - Масловскис - 49:19

3:2 – Некряч -63:07 ОТ

Қақпашылар:<span> </span>Кудрявцев  - Цимераманис

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или