Аршавин Арсен Венгердің қулығын жайып салды

Аршавин Арсен Венгердің қулығын жайып салды

«Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин команданың сол кездегі бапкері Арсен Венгер оны Ресей құрамасында ойнаудан бас тартуын сұраған, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Былай алып қарағанда, барлық бапкермен шағын жанжалдан болды. Тек Гус Хиддинкпен ғана толық келістім. Венгер ме? Ол мені ойынға шығарғысы келмегенде, екеуіміз сөйлестік. «Кейін сенің жарақат алғаныңды хабарлаймыз – сөйтіп құрамаға кетпейсің» дейді. «Арсеналда» бұл қулық жақсы жұмыс істеді. Онда бәрі былай болатын: біреу бірінші таймда ойнайды, кейін оны ауыстырып тастайды да, жарақат алғанын хабарлайды. Ал ойыншы құрамаға бармай қалады», - деді Аршавин «Матч ТВ» эфирінде.

Айта кетейік, Аршавин «Арсенал» сапында 2009-2013 жылдар арасында доп тепкен болатын. Ресейлік ойыншы мансабын алматылық «Қайратта» аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или