«Арлан» өз айдынында «Ертісті» ұтты
Көкшетаудың «Арлан» ХК өз айдынында Павлодардың «Ертіс» командасын ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан чемпионатының 7 турының 2 кезеңі шеңберінде өткен ойында қос команданың ойыншылары да алғашқы минуттан шабуылға шықты. Алайда, қонақтар айдын иесінің қақпашысынан айласын асыра алмады. Есесіне Савенковтың салаған шайбасы бірінші таймда «Арландықтарды» 1:0 есебімен алға шығарды. Екінші таймда «Арлан» ойыншысы Дастан тағы бір шайба салып, есеп айырмасын еселей түсті.

Ал үшінші таймда қонақтар ширақ қимылдап екі мәрте көзге түссе, арландықтар үшінші шайбаны салды. Осылайша, матчтың қорытындысы бойынша «Арлан» ХК 3:2 есебімен маңызды жеңіске қол жеткізді.

Ертең 3 ақпанда сағат 17:00 қос команда өзара тағы бір матч өткізеді.

Еске сала кетейік, жуырда Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубы айды аспанға шығарып, ел тарихында тұңғыш рет «Құрлық» кубогын жеңіп алған болатын. Алыстағы Ирландияда өткен финалдық кездесуде «Арлан» хоккейшілері айдын иелері - жергілікті «Белфаст Джайантс» командасынан басым болды.