Хабиб Нурмагомедов қазақстандық шоуды жүргізетін болды
UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қазақстандық The Nomads реалити-шоуының жүргізушісі болады.
Ұйыдастырушылар шоудың түсірілім жұмыстарына биылғы жылдың мамыр айында кіріспек. Жобаға әр елден келген спортшылар мен Олимпиада чемпиондары қатысады.
Жоба барысында олар спорттық сынақтардан өтіп, қазақ фольклорындағы дәстүрлер бойынша байқауда бақ сынайды. Тележоба әлемнің 118 мемлекетінде көрсетілетін болады.
Айта кетсек, Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға жасырын келіп, балалар үйін аралады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или