Допты хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы финдерден ұтылып қалды

Допты хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы финдерден ұтылып қалды

<span>Швецияның Венерсборг қаласында допты хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші кездесуін финдермен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.</span>

<span>Матч Финляндия құрамасының басымдылығымен өтті. Бірінші таймда финдер екі доп соқса, ойынның екінші кезеңінде тағы жеті гол енгізді. Қорытынды есеп  - 9:0. Фин құрамасынан төрт голдың авторы атанған Эмиль Федоров ерекше көзге түсті.  Осы чемпионаттың алғашқы кездесуінде Швеция құрамасы ресейліктерді 6:4 есебімен жеңді. Ресейлік маман Сергей Инфалин жаттықтыратын, негізінен Оралдың «Ақжайық» хоккейшілерінен құралған Қазақстан құрамасы 28 қаңтарда Ресеймен, 30-ында Швециямен айдынға шығады. Дүниежүзілік дода 2ақпан күні мәреге жетеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или