Қысқы

Дмитрий Рейхерд әлем кубогында үздік үштікке енді

Дмитрий Рейхерд әлем кубогында үздік үштікке енді
news-banner7
mobile-news-top

Канаданың Монт-Тремблан қаласында фристайлдан әлем кубогы кезеңі аяқталып, қазақстандық Дмитрий Рейхерд үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 83.42 ұпай жинап, үшінші орынға табан тіреді.

Алтын жүлде Олимпиада чемпионы, канадалық Микаэль Кингсбериге бұйырса (86.73 ұпай), күміс медальді жапондық Икума Хоришима жеңіп алды (85.02 ұпай). Біздің тағы бір жерлесіміз Павел Колмаков 16-шы орында.

Өкінішке қарай, Юлия Галышева сәтсіз өнер көрсетті. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері 16-шы орынды қанағат тұтқан. Аяулым Әміренова 31 сатыда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер