ЖХЛ: «Сарыарқа» Санкт-Петербургтің «Динамосын» ойсырай жеңді
Қарағандыда жоғары хоккей лигасы аясында жергілікті «Сарыарқа» Санкт-Петербургтің «Динамо» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық хоккей клубы қарсыластарын ойсырай жеңді – 4:0. Жеңімпаз командадан көзге түскендер: Константин Соколов, Леонид Метальников, Олег Ломако және Исаак Валитски.
Өткізген 46 ойыннан кейін «Сарыарқа» 55 ұпаймен турнирлік кестеде 13-ші орынға жайғасты.
Қарағандылықтар кезекті матчын «Буранға» қарсы өткізеді. Ойын 29 қаңтар күні Воронеж қаласында өтеді.
«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Динамо» (Санкт-Петербург) – 4:0 (1:0, 1:0, 2:0).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или