Қысқы

Сергей Ткаченко - әлем чемпионатының қола жүлдегері

Сергей Ткаченко - әлем чемпионатының қола жүлдегері
news-banner7
mobile-news-top

Шаңғы спортынан Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Сергей Ткаченко тұғырдан секіру жарысында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша, 96,5 метрге секірген Сергей үздік шықты. Бұл кезеңде екінші орынды норвегиялық Томас Осен Маркенг, үшінші орынды неміс Лука Рот алды.

Екінші кезеңде Рот 97,5 метрге секірді. Ал отандасымыз 94,5 метрді бағындырды.

Осылайша жалпы есепте Ткаченко 248.9 ұпай жинап, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Алтын медалді норвегиялық Томас Маркенг (252.1 ұпай) иеленді. 250.8 ұпай жинаған Германия өкілі Лука Рот екінші орын алды.

Ерекше айта кетерлігі, 19 жастағы Сергей жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тұғырдан секіруден жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде тарихта қалмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер