Канадалық спортшылар өз нөмірін Денис Тенге арнады
Мәнерлеп сырғанаудан Канада чемпионатында Кейтлин Вивер және Эндрю Поже еркін бағдарламада бұрын қазақстандық Денис Тен қолданған композициямен өнер көрсетті, - деп хабарлайды Prosports.kz.
Кейтлин мен Эндрю SOS d'un terrien en détresse әнін таңдаған. Вивердің айтуынша, бұл әнді таңдауларына Денис Тен шабыт берген.
«Бұл бағдарлама өзіңе қымбат болған адамдардың сезімін көрсетеді деп ойлаймын. Біз өте қымбат досымызды жоғалттық. Бүгінгі эмоциямыз өте шынайы», - деді ол.
Сондай-ақ, бұл нөмірді олар Денистен бөлек, жақында ғана суицид жасаған досы Джон Кафлинге арнаған.
Естеріңізге салсақ, 2018 жылы 19 шілдеде Денис Тен қарақшылардың қолынан қаза тапқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или