Қазақстан Суперкубогы 3 наурызда өтеді
Астанада Кәсіпқой футбол лигасы мүшелерінің Ортақ жиналысы өтті, деп жазады Prosports.kz.
Бұл жиналысқа қатысушылар Қазақстандағы 2019 жылғы футбол маусымы жайында талқылады.
Биылғы маусымда еліміздегі футбол матчтар Adidas компаниясы өндірген «Conext 19» добымен ойнайды.
Сондай-ақ, жиналыс барысында «Ордабасы» футбол клубының құрылымында жаңа команда ашылып, ол Бірінші лигада өнер көрсететіні қабылданды.
Жаңа маусым әдеттегідей Қазақстан Суперкубогымен басталады, «Астана» мен «Қайрат» матчы 3 наурызда өтеді деп жоспарлануда. Ал Премьер-лиганың бірінші туры 10-11 наурызда ойналмақ. Премьер-лига матчтарының жеребесі ақпанда тартылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или