Бабаян: Зайнутдинов «Ростовқа» тез үйренісіп кетеді деген сенімдемін
«Астана» клубының бас бапкерінің көмекшісі Григорий Бабаян Prosports.kz порталына берген сұқбатында Бақтияр Зайнутдинов «Ростовтағы» келешегі туралы айтты.
- «Ростов» клубының ойын стилін білесіз бе? Бақтияр Валерия Карпиннің ойынан шығады деп ойлайсыз ба?
- Ия, әрине, Ресей чемпионаттарын бақылап отырам, «Ростовтың» қатысуымен өткен бірнеше матчтарды көргем. Карпиннің қоятын талабы маған белгілі. Сондықтан да, Бақтияр тез үйренісіп кетеді деген сенімдемін.
- Бақтиярмен ауысу туралы сөйлесіп пе едіңіздер? Кеңес берген шығарсыз...
- Ия, біз ол кетер алдында сөйлестік. Сәттілік тіледім. Біз әрқашан байланыстамыз.
- Бақтиярды түрлі позицияларда байқап көрдіңіз. Сіздің ойыңызша, ол қай қырынан ашылуы мүмкін...
- Ол жан-жақты футболшы, түрлі позицияларда ойнай алады. Әрине, оған ең ыңғайлысы - алаң ортасы. Алайда, Шомко жарақат алған соң, оны сол жақ қорғаушы ретінде алдық. Осылай ойнап жүріп, дұрыс қорғаныс жасай білуді үйренді.
- РПЛ физикалық ауртпалықтарын көтере алмаған Еркебұлан Сейдахметпен болған жағдай Зайнутдиновпен қайталануы мүмкін бе?
- Бәрі өзіне байланысты. Бақтияр дұрыс жұмыс жасай білсе, орын алмауы тиіс. Зайнутдиновқа әлі де көп жұмыс жасау керек, даму керек. Қазір көпшілік назарындамын деп, басын жоғалтып алмауы маңызды. Ол «Ростовта» жоғары бәсеке бар екенін біледі. Менің ойымша, Бақтияр клубқа тез сіңісіп кетеді деп ойлаймын.
Естеріңізге сала кетейік, Бақтияр Зайнутдинов «Ростов» құрамында 20-нөмірде ойын көрсетеді.