7 миллиард теңге. «Ордабасыны» қырғын ақша күтіп тұр

7 миллиард теңге. «Ордабасыны» қырғын ақша күтіп тұр

2019 жылғы бюджет бекітілгеннен кейін шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының ең бай клубтары қатарына енуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдағы уақытта «Ордабасының» бюджеті «Астана», «Қайрат» және «Тобыл» клубтарының бюджетімен тең түсуі мүмкін.

Күтіліп отырған қаржы - 7 миллиард тенге. Өткен жылдары шымкенттік клуб шығыны 2,5-3,2 млрд теңгені құрайтынын ескерсек, бұл айтарлықтай сома.

Естеріңізге сала кетейік, маусым арасында «Ордабасы» президентінің көмекшісі қызметіне «Астананың» бұрынғы президенті Саян Хамитжанов келген болатын. Қысқы трансферлік кезеңнің алғашқы айында «Ордабасы» Дмитрий Непогодов, Алексей Щеткин мен Марат Быстровпен келісімшартқа отырып үлгерді.

Сонымен қатар, «Ордабасы» басшылығы ойыншылары мен бапкерлеріне жарты жылдан бері ала алмай жүрген жалақысын түгелдей қайтарып берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или