Стоилов Ұлттық құраманың тізгінінен кетті
Қазақстан футбол федерациясы мен Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов екі жақты келісім бойынша еңбек шартын үзді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеп.
Болгариялық маман Станимир Стоилов Қазақстан Ұлттық құрамасын 2018 жылдың наурызында басқарған еді. Оның жетекшілігімен біздің құрама үш жолдастық матч өткізіп, УЕФА-ның жаңа турнирі Ұлттар Лигасына қатысты. Сонымен қатар, жастар құрамасынан бірнеше ойыншыны шақыру арқылы ұлттық құраманы жасартты.
Станимир Стоиловпен Ұлттық құраманың тізгінінде 9 ойын өткізген. Оның үшеуінде жеңіске жетсе, үшеуінде жеңілген. Тағы үш кездесу тең аяқталған.
Айта кетейік, 51 жастағы болар маманы 2014-2018 жылдары «Астана» командасын тізгінін Елордалық ұжыммен төрт мәрте Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтті.