Қысқы

Денис Теннің өліміне күдіктілер соңғы сөзін сөйледі

Денис Теннің өліміне күдіктілер соңғы сөзін сөйледі
news-banner7
mobile-news-top

Денис Тенді өлтірді деп айыпталып отырған күдіктілер Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева сотта соңғы сөзін сөйледі, деп хабарлайды Prosports.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

- Денис Теннің отбасынан кешірім сұраймын. Ол енді қайтып келмейді. Ана ретінде мен сізді өте жақсы түсінемін. Үйде күтіп отырған баламның көз жасы мен құрсағымда сәби барын ескеруіңізді өтінемін, — деді Жанар Толыбаева.

Сондай-ақ, күдікті Нұралы Қиясов та марқұмның анасы Оксана Теннен кешірім сұрады.

- Менің де анам, әжем бар, сондықтан сіздің қандай күйде екеніңізді түсініп отырмын. Біз сүйікті ұлыңыздың өмірін қидық, бірақ оны өлтіруді жоспарлаған жоқпыз. Біздің де ата-анамыз бар, олар да балаларының сотталып жатқанын көріп қиналып жүр. Сізден әділ шешім шығаруыңызды өтінемін. Мен әке-шешемнің ар-намысына күйе жағылғанын қаламаймын. Сот процесі басталғаннан бері жұрт соларды аузынан тастамайды, олар бізді бұрыс жолға түссін деп тәрбиелеген жоқ. Мен өз қателігімді өзім түзеткім келеді. Кешіруіңізді сұраймын, — деді Қиясов.

Арман Құдайбергенов орыс тілінде сөйлегенді жөн көрді.

- Мен тағы бір мәрте кешірім сұраймын. Осылай болғанына қатты өкінемін. Мен мұны қаламап едім. Ана жүрегіндегі қайғыны түсініп тұрмын. Денис Тендей адамнан айырылып қалғанымызға өкінемін. Сіз бала кезден оның тәрбиесіне ерекше мән беріп, ұлы адам болып ержетуіне күш салдыңыз. Сіздердің алдарыңызда кешірім сұрауға міндеттімін деп ойлаймын, — деді Құдайбергенов.

Еске сала кетсек, Алматыдағы сотта қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша іс қаралып жатыр. Прокурор Құдайбергенов пен Қиясовті 20 жылға, ал Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер