ҚФФ: Еркебұланның жарақаты кездейсоқ болды

ҚФФ: Еркебұланның жарақаты кездейсоқ болды

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі Еркебұлан Сейдахметтің ұлттық құрама жаттығуында алған жарақаты туралы ресми мәлімдеме жасады.

«Танымал әрі ел құрметтейтін бапкер Георгий Хутиди отандық БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында Қазақстан құрамасының жаттығуына жарақат алған Еркебұлан Сейдахметтің жағдайы туралы пікірін білдірген болатын.

Георгий Хутидидің пікірне түсіністікпен қараймыз, себебі ол Еркебұлан Сейдахмет секілді жас әрі дарынды футболшының аяққа тұруы үшін көп еңбектенді. Сондай-ақ, оның тағдыры үшін алаңдап, жарақатына байланысты уайымдайтынын түсінеміз.

Еркебұлан УЕФА Ұлттар лигасы аясында Латвияға қарсы өткен матч алдында жарақат алды. Бірақ Қазақастан ұлттық құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Қайрат Нұрдәулетовтің жас футболшыға қарсы қатты ойнауға, оған жарақат салуға мүлдем ойы болмады. Кездейсоқ жағдай болды. Келесі күні Сейдахмет Германияға барып, ота жасатты. Қазір Еркебұлан жарақатынан жазылып келеді. Оның болашағына еш қауіп жоқ», - делінген ҚФФ ресми ақпаратында.

Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет УЕФА Ұлттар лигасы аясында Латвияға қарсы өткен матч алдында жарақат алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или