18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Түркияны жеңді
Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан Түркияны тас-талқан етіп жеңді, деп жазады Prosports.kz сайты.
1 дивизион іріктеуінде біздің құрама қарсылас қақпасына жауапсыз 15 шайба соқты. Матчтың үздік ойыншысы болып Дильназ Саяхатқызы танылды.
Қазақстан құрамасы келесі ойынды 15 қаңтар күні Австралияға қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 21:30-да басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или