Зайнутдинов әзірше «Ростов» сапында ойнай алмайды

Зайнутдинов әзірше «Ростов» сапында ойнай алмайды

Жақында ғана Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдиновты қатарына қосқан ресейлік «Ростов» РФО санкциясына байланысты жаңа футболшыларды маусымға тіркей алмайды. Бұл туралы клубтың ресми сайты жазды.

Бактиердің кәсіпқой мансабындағы алғашқы клубы «Тараз» болған. Былтыр футболшы «Астананың» сапына ауысып, дебютті матчында-ақ хет-трик жасаған еді. Сондай-ақ, күзде Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнап, бір гол соқты. Жалпы алғанда, былтыр «Астана» сапында 35 матчқа қатысып, 7 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.

«Ростов» қазақстандық футболшыны әзірше маусымға тіркей алмайды. Себебі, команда өзінің бұрынғы ойыншысы Евгений Макеевке қарыз болғандықтан, Ресей футбол одағы клубқа жаңа футболшыларды тіркеуге тыйым салған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или