Алмейда: «Астанадан» кетуімнің себебі – клубтағы қаржылық қиындықтар

Алмейда: «Астанадан» кетуімнің себебі – клубтағы қаржылық қиындықтар

«Астананың» жартылай қорғаушысы Ричард Алмейда әзірбайжандық «Карабахқа» жалға берілген соң, елордалық клубтан неге кеткенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өте қуаныштымын. «Карабах» «Астанаға» хабарласып, келісімге келді. Толық сатып алу мүмкіндігі болған, бірақ жалға алындым. Менің оралуым үшін бар күшін салған клуб басшылығына алғыс айтамын. Басқа да ұсыныстар түскен еді. Мысалы, Оңтүстік Кореядан жақсы ұсыныс болды. Бірақ мен өзімді бақытты сезінетін жерді таңдадым. Отбасыммен бірге Әзірбайжанда бақытты болдық. Өмірімде «Карабахтың» орны ерекше. Мұнда біз бәріміз бір отбасы сияқтымыз. Қазақстанда өзімді жаман сезіндім деп айта алмаймын. Ол жақта көп нәрсені үйрендім. Мені жібергендері үшін алғыс білдіремін.

Оралуымның бірнеше факторы бар. Әзірбайжанда қашан да бақытты болдым. Сондай-ақ, мұнда ұлттық команда ойыншысымын. Өзімді әзірбайжандық сезінемін. Спорттық тұрғыда «Астанада» өзім қалағандарды ала алмадым. Оралуымның басты себептерінің бірі – бұл клубтағы қаржылық қиындықтар. Бірақ мен өзімді бақытты қылатын жерді таңдадым. Егер ақшаны ойласам, Оңтүстік Кореяға кетіп қалар едім», - деді Алмейда Aizerifootball.com-ға берген сұқбатында.

Естеріңізге салсақ, «Астана» Ричард Алмейданы «Карабахтан» 2018 жылы сатып алған еді. Ойыншының жылдық жалақысы 1 миллион доллар болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или