Хоккейші қыздар 18 жасқа дейінгілер арасындағы әлемдік сынға қатысады
Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10-19 қаңтар аралығындағы жарыс Испанияның Хака қаласында өтпек.
Қазақстан командасының қарсыластары – Испания, Австралия, Мексика,Түркия, Корея және Қытай.
Қатысушы мемлекеттер екі топқа бөлінген. Қазақстан «А» тобында Түркия және Австралияға қарсы ойнайды.
18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы желтоқсанның 13-28 аралығында «Ақбұлақ» базасында оқу-жаттығу жиынын өткізді.
18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы:
Қақпашылар:<span> </span>Кононова Наталья («Айсұлу»), Шамкий Анастасия («Томирис»)
Қорғаушылар:<span> </span>Оспанова Томирис («Томирис»), Козгулова Жанель («Астана»), Татура Екатерина («Торпедо»), Шахматова Татьяна («Торпедо»), Пяткова Анна («Торпедо»), Кеңесова Аружан («Барыс»)
Шабуылшылар: Иванченко Алина («Айсұлу»), Кузьмина Дарья («Айсұлу»), Сулайманова Карина («Барыс»), Сулайманова Диляра («Барыс»), Нольфина Любовь («Барыс»), Красильникова Елизавета («Барыс»), Устименко Светлана («Айсұлу»), Саяхатқызы Мунира («Торпедо»), Саяхатқызы Дильназ («Торпедо»), Куценко Екатерина («Торпедо»), Голотвина Александра («Томирис»), Кумаладзе Рената («Барыс»).