«Барыс» «Амурды» үшінші ойында ғана жеңді

«Барыс» «Амурды» үшінші ойында ғана жеңді

Астаналық «Барыс» ҚХЛ аясында кезекті ойынын өткізіп, Хабаровскінің «Амур» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біріні боп «Барыс» хоккейшісі Брэндон Боченски 18-минутта есеп ашты. Алайда бірінші кезең тең нәтижемен аяқталды. Бірінші кезеңнің аяқталуына небәрі 1 секунд қалғанда Томаш Зогорна мергендігімен көзге түсті. Есеп 1:1. Екінші және үшінші кезең де дәл осындай қарқынмен өрбіді. Екінші кезеңнің 28-минутында Патрис Кормье өз командасын алға шығарды.

Ал 48-минутта Кирилл Рассказов таразы басын теңестіріп кетті. Арада екі минут өткенде «Барыс» хоккейшісі Егор Петухов алыстан қақпаны дәл көздей білді. 

Қорытынды есеп 58-минутта түйінделді. Оны «Барыс» сапынан Дастин Бойд соқты. Есеп 4:2. «Барыс» жеңіске жетті.

«Барыс» енді Астанада қатарынан төрт ойын өткізеді. Алдымен  10 қаңтарда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар», 14 қаңтарда Сочидің «Сочи», 15 қаңтарда Мәскеудің «Спартак», 17 қаңтарда Уфаның «Салават Юлаев» командаларын қабылдайды.

«Барыс» (Астана) – «Амур» (Хабаровск) 4:2 (1:1, 1:0, 2:1)

1:0 Боченски (Фрэттин, Даллмэн) 18:45 ГБ

1:1 Томаш (Рассказов, Атюшов) 19:00

2:1 Кормье (Волк, Старченко) 28:50 ГБ

2:2 Рассказов (Загорна, Швиденко) 48:22

3:2 Петухов (Даллмэн) 50:40

4:2 Бойд (Фрэттин, Боченски) 58:41 ГБ

Қақпашылар: Карлссон - Аликин

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или