Ұры спортшы бойжеткеннен таяқ жеді

Ұры спортшы бойжеткеннен таяқ жеді

Рио-де-Жанейро қаласында әдемі қызды тонамақ болған ер адам соққыға жығылып, полиция шақыртуды сұрап, жалынған. Ол тонамақ болған бойжеткен UFC күрескері болып шыққан.

Полиана Виана такси күтіп тұрған. Ер адам қасына келіп уақыт сұраған.

- Оны көріп тұрғанымды байқаған соң қасыма келіп отырды. Сағат неше екенін сұрады, мен жауап бердім. Бірақ оның кететін түрі жоқ болды. Маған <span>«</span>қарсыласпай, телефоныңды бер<span>»</span> деп айтты, - деді Полианна.

Қылмыскер қызды тапаншамен қорқытқан. Кейін оның қатты қағаздан жасалғаны анықталды.

Ер адам бұрын да сотты болып, жақында ғана бостандыққа шыққаны белгілі болды. Кімге қоқан-лоққы көрсетпек болғанын түсінген кезде, Полианнаға полиция шақыртуды сұрап жалынған.

- Ол маған тым жақын тұрды, сондықтан тіпті тапаншасы болған күннің өзінде оны алып үлгермейді деп ойладым. Оған қолмен екі соққы жасап, аяқпен бір тептім. Ол құлаған кезде, оған қарсы қылқындыру әдісін қолдандым. Сосын бұрынғы орынға отырғызып, полицияны күтуге кеңес бердім, - деді Полианна Виана.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или