Макгрегор Мейвезердің бұрынғы қарсыласымен жекпе-жек өткізуді қалайды
UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор жапониялық аралас жекпе-жек шебері әрі кикбоксер Тенсин Нацукавамен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен аптада Нацукава америкалық боксшы Флойд Мейвезермен көрмелік жекпе-жек өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңілген болатын.
«Токиода Тенсин Нацукавамен көрмелік жекпе-жек өткізгім келеді. Осы жазға дейін. Өтінемін, осы кездесуді лезде ұйымдастырыңдаршы. Құрметпен, екі дүркін чемпион», - деп жазды Макгрегор Твиттерде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или