Қазақстан құрамасының ойыншысы үздік шабуылшылар үштігіне енді

Қазақстан құрамасының ойыншысы үздік шабуылшылар үштігіне енді

Хоккейден Канадада аяқталған әлем чемпионатында қазақстандық Артур Гатиятов үздік шабуылшылар тізіміне енді.

Гатиятов чемпионат барысында бес шайба соғып, үш нәтижелі соққымен көзге түскен. Әсіресе, Артурдың Дания қақпасына екі гол соғуы жанкүйер есінде қалған болатын.

Мергендер көшін 9 ұпай (4+5) жинаған ресейлік Григорий Денисенко бастап тұр. Екінші сатыда финляндиялық Алекси Хепониеми.

Еске сала кетейік, хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының жоғарғы дивизионындағы орнын сақтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или