Қазақстандық хоккейші әлем чемпионатының үздік сұрмергені атануға жақын
Канадада өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталуға жақын, деп жазады prosports.kz.
Қазақстан жастар құрамасы Дания хоккейшілерін екі мәрте жеңіп, жоғарғы дивизиондағы орнын сақтап қалды. Дәл осы данияға қарсы екінші матчта екі шайба соққан шабуылшымыз Артур <span>Гатиятов чемпионаттың сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.</span>
<span>Отандасымыз 8 ұпай (5 гол және 3 ассистент) жинап, америкалық Райан Пилинг қатарлы бірқанша ойыншымен қатар үздік сұрмергендер тізімінде бірінші сатыда тұр. Алайда, турнирдің финалдық кездесулері әлі жалғасып жатқандықтан бұл тізім өзгерері сөзсіз. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или