Қысқы

Денис Теннің өліміне күдікті өз өмірі туралы шындықты айтты

Денис Теннің өліміне күдікті өз өмірі туралы шындықты айтты
news-banner7
mobile-news-top

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі туралы іс бойынша сотталушылардың бірі Астана мен Алматыда неге көлік айналарын ұрлаумен айналысқанын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құдайбергенов сотта көлік айнасын ұрлауды интернеттен үйренгенін айтты.

- Астанаға қыдырып келгенмін, ақшам бітіп қалды. Күйші Дина көшесінде Lexus көлігінің айнасын шешіп алдым, көшеде келе жатыр едім, полиция патрулі алдымнан шықты. Полицейлер тоқтатып, тінтті де, Алматы АІІБ-не алып кетті. Айыбымды мойындап, жәбірленушімен мәмілеге келуге тырыстым. Бастапқыда түсініктеме алды, бірақ тергеуші емес, басқа біреу. Өкінемін. Шығынды өтеуге дайынмын. Астанаға анамды көру үшін бардым, сағынған едім, — дейді сотталушы.

Құдайбергенов айна ұрлаумен 2018 жылдың мамыр айынан бастап айналысыпты. Ұрлаған айналарды Алматының Жібек Жолы базарындағы белгісіз біреуге сатқан.

- Айналарды камерасымен бірге 40 мың теңгеге сататынмын. Тапсырыс ешқашан алған жоқпын. Бұрын Алматыда электр маманы болып істедім, жеке тұрғын үйлерде есептеуіштерді ауыстыратынмын, — деп мәлімдеді Құдайбергенов. – Ұрлық жасағанымды толығымен мойындаймын, ақшаға мұқтаж болдым, бірақ кісі өлтірген жоқпын. Кісі өлтіруді емес, ұрлықты ғана мойындаймын.

Құдайбергеновтың айтуынша, анасы Астанада істейді екен. Алайда елордаға барғанда анасымен кездесе алмапты.

Түпнұсқасы: Sputnik Қазақстан Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер