«Өлтірген жоқпыз». Сот залынан

«Өлтірген жоқпыз». Сот залынан

Алматыда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Отырыста сотталушы Арман Құдайбергенов ұрлық жасағанын мойындады, бірақ ол Денис Тенді өлтіруді жоспарламағанын алға тартты. 

- Мен ұрлық жасағанымды мойындаймын. Қарақшылық пен адам өлтіру қылмысын жасау ойымда болған жоқ. Жаңқабаев пен Шəмшиевтің, Теннің айнасын алғанымды мойындаймын,- деді Құдайбергенов. 

Қиясов өз қылмысын мойындаған жоқ. 

<span>- Мен айыпты мойындамаймын, өлтірген жоқпын, ұрлаған жоқпын, — деді Қиясов.</span>

Ал үшінші күдікті Жанар Толыбаева өзіне айып тағылып отырған баптарды ауыстыруды өтінді. Оның айтуынша, қылмысқа бара жатқанын білмеген. 

- 434-бапты да мойындамаймын. Себебі, мен пышақ салып жатқанын көрген жоқпын,- деді Толыбаева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или