«Барыс» Мәскеуде «Спартакты» ұтты
Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Мәскеудің «Спартак» командасымен кездесті.
Бүгінгі кездесуден кейін «Барыс» турнир кестесінде жоғарылай түсті. Елордалық клуб жетінші орынға көтерілді.
Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» командасы бұдан бұрын Челябіде «Тракторды» 3:0 есебімен жеңсе, одан кейін Омбыда «Авангардтан» буллитте 3:4 есебімен есе жіберді.
«Барыс» 5 қаңтарда Сочиде жергілікті «Сочи» командасымен кездеседі. Ал 8 қаңтарда Астанада Хабароскінің «Амурын» қабылдайды.
«Спартак» (Мәскеу) - «Барыс» (Астана) 2:3 (1:0, 1:1, 0:2)
1:0 Воронин (Кулик, Ганзл) – 18:00 ГМ
2:0 Никонцев (Зубов, Лисин) – 30:04 ГБ
2:1 Даллмэн (Акользин, Шевченко) – 34:53
2:2 Старченко (Боченски) – 47:50
2:3 Диц (Кормье) – 53:28
Қақпашылар:<span> </span>Гудачек - Граховина