Қазақстан — Дания: Онлайн трансляция

Қазақстан — Дания: Онлайн трансляция

Қазақстан жастар құрамасы жұбаныш кезеңінің бірінші матчында Данияға қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.<br />

Біздің құрама енді жұбаныш кезеңіне қатысады. Жарыстың бұл кезеңінде А және В топтарында соңғы орын алған құрамалар өзара тартысқа түседі. Жұбаныш кезеңі үш ойынға созылады. Ойындар 2, 4, 5 қаңтар күндері өткізіледі. Егер екі құраманың бірі қатарынан екі рет жеңіске жетсе, жарыстың бұл сатысы ертерек аяқталады.

Біздің жастарымыз жарыстың бұл сатысында Даниямен кездесетін болды. Дат хоккейшілері де барлық ойында жеңілістің ащы дәмін татты. Олар алдымен Канададан 0:14, Ресей, Швейцария, Чехиядан 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетелік, біздің жастар да барлық кездесуінде қарсыластарына есе жіберді.

Қазақстан мен Дания жастар құрамасы ойындары Астана уақытымен қаңтардың 2-нен 3-не қараған күні сағат 01.00-де, 4 қаңтарда 23.00-де, 5 қаңтарда 23.00-де басталады. Бұл ойындар<span> </span>Qazsport<span> және МАТЧ ТВ </span>телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или