Әлем чемпионаты: Жас хоккейшілеріміз Швециядан жеңілді
Канадада шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарысқа қатысушы командалар екі топқа бөлінген. Қазақстан «В» тобында бақ сынады. Қарсыластары - Финляндия, Швеция, АҚШ және Словакияның жас хоккейшілері.
Ал «А» тобына Канада, Ресей, Швейцария, Чехия және Дания құрамалары түскен.
Қазақстан жастар құрамасы бүгін топтық кезеңдегі соңғы ойынын Швецияға қарсы өткізді. Өкіншіке орай біздің хоккейшілер бұл ойында да ұтылып қалды. Есеп 4:1.
Швеция - Қазақстан - 4:1 (3:0, 0:0, 1:1)
1:0 - Бэмстрем (Бак, Сандин) - 07:10
2:0 - Сандин (Лундестрем) - 12:13
3:0 - Лундквист - 16:49
3:1 - Муратов Б. (Орехов, Данияр См.) - 49:46 Б
4:1 - Сандин (Густафссон) - 59:21
Қақпашылар: Эрссон - Каратаев