Әлем чемпионаты: Жас хоккейшілеріміз тағы жеңілді
Канадада шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Жарысқа қатысушы командалар екі топқа бөлінген. Қазақстан «В» тобында бақ сынауда. Қарсыластары - Финляндия, Швеция, АҚШ және Словакияның жас хоккейшілері.
Ал «А» тобына Канада, Ресей, Швейцария, Чехия және Дания құрамалары түскен.
Қазақстан жастар құрамасы бүгін турнирдегі екінші ойынын АҚШ-қа қарсы өткізді. Өкіншіке орай біздің хоккейшілер бұл ойында да ірі есеппен ұтылып қалды. Есеп 8:2.
Ал бірінші ойында <span>Финляндияға 5:0 есебімен есе жіберген едік. Осылайша, алғашқы екі матчта қақпамызға 13 шайба өткізіп алдық.</span>
<span>Енді келесі ойын 31 желтоқсанда Словакияға қарсы өтеді.</span>
Қазақстан – АҚШ – (4:1, 3:0, 1:1)
1:0 Оливер Вальстрем (Райан Понлин) – 1:37
1:1 – Андрей Буяльский (Валерий Орехов) – 1:55
2:1 – Джоэль Фараби (Джейсон Робертсон, Квин Хьюджес) – 5:13
3:1 - Джоэль Фараби (Джейсон Робертсон, Джош Норрис) – 8:53
4:1 - Джоэль Фараби (Джейсон Робертсон) – 12:05
5:1 – Александр Шмелевский (Райан Понлин, Майки Андерсон) – 25:46
6:1 – Райан Понлин – 30:50
7:1 – Тайлер Мадден – 32:11
8:1 - Джош Норрис (Джейсон Робертсон) - 40:23
8:2 - Дмитрий Митенков (Валерий Орехов, Артур Гатиятов) - 49:56