Мейвезер: Хабиб көп сөйлемей, жөніңді біл
Бес салмақта экс-әлем чемпионы американдық боксшы Флойд Мейвезер жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамбетовке сес көрсетті.

Мейвезер ресейлік спортшыға көп сөйлей бермей, өз орнын білгені жөн екенін ескертті.

"Біз бәріміз Конором МакГрегормен соңында не болғанын жақсы білеміз.Ол көп сөйлеген болатын және соңында лайықты жасазын алды. Егер Хабиб маған қатысты әңгімелерін тоқсатпаса оны да сондай жағдай күтіп тұр", - деді Флойд.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Хабиб Мейвезерді төбелеске шақырған болатын. Ресейлік спортшы американдыққа екі кездесу өткізу туралы ұсыныс жасаған. Біріншісі бокс болса, екіншісі октагонда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или