Канадада жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды

Канадада жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды

Бүгін Канадада шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем біріншілігі басталып, бірнеше матч аяқталды. Бұл сында бақ сынайтын Қазақстан құрамасы доданы ертең бастамақ. Olympic.kz алғашқы жарыс күнінің қорытындысын назарларыңызға ұсынады.  

Америка Құрама Штаттарының командасы тұсаукесер матчта Словакияны 2:1 есебімен жеңді. 

«А» тобындағы Чехия мен Швейцария арасындағы кездесу де 2:1 есебімен аяқталды. Жеңіс чехтардың пайдасында. Айта кетелік, әлем чемпионаты дайындық қарсаңында Қазақстан құрамасы Швейцариямен жолдастық кездесу өткізіп, 1:4 есебімен жол берген болатын. 

Ал чемпионат қожайыны Канада мен Дания арасындағы матч талай жылға дейін ұмытылмасы анық. Өйткені, азулы канадалықтар Дания қақпасына жауапсыз 14 шайба соқты. 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын ертең Финляндияға қарсы өткізеді. 

Қос команда ойыны Астана уақытымен таңғы 09:30-да басталады. Біздің команда "В" тобында сынға түсетінін естеріңізге саламыз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или